$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада насыбай сатқан кәсіпкерлер 3 млн теңге айыппұл төлейтін болды (ВИДЕО)

Жергілікті әкімдік еріктілерді тарта отырып рейд жүргізген

Астанада насыбай сатқан кәсіпкерлер 3 млн теңге айыппұл төлейтін болды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астананың Сарыарқа ауданындағы кейбір дүкендер заң тыйым салғанына қарамастан насыбай және темекі өнімдерін сатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, 2024 жылы жалпы қала бойынша 70 дүкеннен осындай факт тіркелген. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

«Рейд барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері қамтылды. Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленеді. Істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейд жалғасады», - деді Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #насыбай