Алматыда ер адам мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған

Жан түршігерлік факт бойынша қылмыстық іс қозғалған

Алматыда ер адам мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған
Фото: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын ломбардқа өткізбек болған, сол кезде ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Ломбард қызметкерлері телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.