$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жиі тапсырыс беремін»: Арман Шаққалиев онлайн дүкендерден не сатып алып жүргенін айтты

Ол отандық электронды маркетплейстердің өнімдеріне сенім артады 

«Жиі тапсырыс беремін»: Арман Шаққалиев онлайн дүкендерден не сатып алып жүргенін айтты
Фото: скриншот

Сауда министрі отандық электронды маркетплейстерден жиі сауда жасайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арман Шаққалиев күнделікті тіршілікке қажетті бұйымдарға электронды түрде тапсырыс беріп жүргенін айтады.

«Кейінгі кезде өзім электронды сауда дүкендеріне өте жиі тапсырыс беріп жүрмін, әрине олар - отандық сауда алаңдары. Жарнама болмау үшін маркасын айтпай-ақ қояйын. Күнделікті өмірге қажетті заттар аламын, ал азық-түлік сатып алумен әйелім айналысады. Соңғы рет ұстараның керек-жарағын алғанмын», - деді ол.

Сауда министрі бұған дейін костюм-шалбарының Қазақстанда тігілгенін айтқан еді.

Айта кетсек, қазақстандықтар онлайн-сатып алуға былтыр 3,2 трлн теңге жұмсаған. 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайған.

Серіктес жаңалықтары