Алаяқтық жасады деген күдікпен «TeleTrade Central Asia» басшысы ұсталды
Ресейде де компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оңтүстік астанада «TeleTrade Central Asia» компаниясы басшыларының бірі тергеу изоляторына қамалды. Компания алаяқтық жасады және ақшаны офшордағы шотқа аударды деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство ақпарынша, күдікті 22 мамыр күні қамауға алынған. Тергеу барысында компанияның бірнеше басшысы әр салада бөлім ашып, жалданған қызметкерлердің көмегімен қазақстандықтарды тиімді жағдаймен арбауға түсіргені анықталды. Олар өз клиенттеріне электронды биржадан жақсы табыс уәде берген. Ал тергеу аясында ЖШС оларды тонағаны, ал ақшаларды офшордағы шотқа аударғаны белгілі болды. Департамент алаяқтық сызбасын да әшкере етті.
«Компания қызметкерлері инвесторлардан ақша алған. Қаражат электронды ақшалар салынатын форекс-дилер сайтындағы жеке кабинетке электронды түрде түсіп отырған. Кейіннен арнайы плагиннің көмегімен шот нөлге айналған, ал компания өкілдері клиенттерге жеңілгенін хабарлаған. Шынында, клиенттің ешқайсысы сауда-саттыққа қатыспаған»,- деп хабарлайды Тергеу департаменті.
Ведомство хабарламасында қаржы ұйым басшыларына тиісілі шетелдік фирмалардың есебіне жіберіліп отырғаны айтылады. Тергеушілер ұсталған азамат ресейліктермен жұмыс істегенін анықтады. Олар компанияға сенім білдірген қазақстандықтардың ақшасын TeleTrade D.J. Ltd офшордағы шотына аударған. Ресейде де компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Кеше тек Алматы қаласында ғана емес, елорда мен үшінші мегаполисте, сондай-ақ, компания филиалы бар бірнеше өңірде тінту жұмыстары жүгізілді. Құжаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта компанияның үстінен құқық қорғау органдарына арыз тастаған 70 қазақстандық бар. Ішкі істер министрлігі аталған ұйым әрекеттерінен зардап шеккен отандастарымыздан тергеу комитетіне жүгінуді сұрайды.