Елордада блок бекеттен өтіп бара жатқан көлік салонынан тапанша табылды

Тапанша «Қару» алдын алу шарасы кезінде тәркіленді

Нұр-Сұлтанда блок бекеттен өтіп бара жатқан көлік салонынан газбаллонды тапанша табылды, деп жазды ҚазАқпарат.  

«Тойота Камри» көлігін тексеру барысында салоннан тапанша табылған. Ол – Жапонияда зауыттан шыққан газбаллонды тапанша. Атыс және газ секілді қару түрлеріне жатпайды. Көлік жүргізушісі тапаншаны қайдан алғанын, не себепті қару алып жүргенін түсіндіре алмады. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері аңшы қаруын қолдан жасау фактісін әшкереледі. Қала тұрғынының үйінен шолақ мылтық табылған.

Оның иесі қару-жарақтың құрылымына өзгеріс енгізіп, оның ұңғысын қысқартқан. Мылтық атуға жарайды. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 288-бабы бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ «Заречный» алабында тапаншаға ұқсас нәрсе алып жүрген 30 жастағы тұрғын ұсталды. Алынған зат АҚШ-та шыққан «ПМ» модельді газбаллонды тапанша болып шықты. ҚР ҚК 287-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Елорда полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Операция кезінде 2 мыңнан астам қару иесі тексерілген. 6 қару және 10 оқ-дәрі алынды

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.