13.01.2025, 10:05
Оқиғалар
Алматылықтардан 20 млн теңге алдап алған жас жігіт Ресейде қолға түсті
Ол сауда орталықтарының бірінде ұялы телефон сатамын деп өтірік айтқан
Фото: polisia.kz
Алматы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жұмыс істеп, ұялы телефон мен оның аксессуарларын сатамын деген сылтаумен азаматтардың 20 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған жігіт Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі 24 жастағы жігітті интерполдың іздеуіне берген. Былтыр жазда алаяқтық жасаған ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласына қашып кеткен екен.
Күдікті қазір қамауда. Ол жуық арада Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды