10.01.2025, 23:05
Оқиғалар
Қостанайда жоғалған әйел аман табылды
Құтқарушылар оны екі күн іздеді
Фото: istockphoto.com
ТЖМ Жангелдин ауданында 8 қаңтар күні үйінен шығып кеткен әйелді іздеу жұмыстары сәтті аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғалған әйел айдаладан табылды. Құтқарушылар оны машинаға отырғызып, ыстық шай беріп, жылынуға көмектесті. Кейін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, Торғай ауылының ауруханасына жеткізілді.
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардан бөлек полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, кинологиялық жасақ тартылды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы