08.01.2025, 16:08
Оқиғалар
Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін 3 жылға сотталып кетті
Ол трендтегі шоколадттың арқасында алаяқтық жолмен ақша тапқан
Фото: istockphoto.com
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты он адамнан Дубай шоколады үшін ақша алып, алдап кеткен жігітті 3 жылға шартты түрде соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жігіт он адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге алған екен.
«Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Оның адвокаттары жігітті ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Жігіт он адамға алған ақшасын қайтарып беріп, алаяқтық жасағанына өкінетінін айтқан. Сот жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шеттеткен», - деп хабарлайды сот.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды