Ақтаудағы ұшақ апаты: көмекке асыққан адамдар мемлекеттік марапат алды
Наградаларды Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тапсырды
2024 жылдың 25 қаңтары күні таңертең Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапқан болатын. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына орай, осы апат кезінде көмекке асыққан адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша:
Байтөре Олжас Серікбайұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,
Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,
Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Ал, мына қызметкерлер:
Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,
Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,
Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,
Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі
Құбайдуллаев Заманбек Мұратұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,
Оразбеков Оспан Жалғасынұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медалмен марапатталды.
Бұдан өзге «Апаттар медицинасы орталығы» филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы «Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.