05.01.2025, 14:35
Оқиғалар
Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйелдің мәйіті табылды
Ол Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында тұрған
Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz/
Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылында тұрған 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.
«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.
Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.
Көп оқылған
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12.07.2026, 10:02
Синоптиктер үш қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады