31.12.2024, 09:47
Оқиғалар
Жетісуда мұғалімді демалысқа жібермей қойған директор прокуратураның жазасына тап болды
Оқиға облыстағы Ақсау орта мектебінде болған
Фото: istockphoto.com
Жетісу облысы Ақсау ауданындағы 35 орта мектептің директоры мұғалімді ақысыз демалысқа жібермей қойғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, мұғалім директордың атына өтініш жазып, ақысыз демалыс сұраған. Директор заңға сәйкес, өтінішті қарап, бес күн ішінде оған қол қойып, мұғалімді өзі сұраған ақысыз демалысына жіберуі керек еді. Алайда, директор заңның бұл талабын орындамаған.
«Прокурор қадағалау актісін толтырғаннан кейін облыста жалпы 2 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалған. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 16:05
ТЖМ тікұшағы нәрестені Қызылордаға жеткізді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды