Иран азаматы Астанаға пошта арқылы Ұлыбританиядан есірткі алдырған (ВИДЕО)
Тағы бір адам есірткіні Австралиядан матрастың ішіне салып алдырған
Астананың полиция департаменті мен логистика компаниялары бірлесе отырып, пошта және өзге де тәсілдер арқылы есірткі алдырған азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астананың прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы шара аясында поштамен келетін сәлемдемелер тексерілген.
«Осы шара аясында есірткі контрабандасының төрт фактісі анықталды. Мысалы, Қазақстанға Австралиядан үрлемелі матрас түрінде 914 гр марихуана жеткен. Бұл факт бойынша 4 адам ұсталды. Бұдан бөлек, Таиландтан есірткі тасымалдаған арнаның жолы кесілді. Ал 2024 жылдың 22 қарашасында Иран Ислам Республикасы азаматының пәтерін тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы келген 151,20 гр марихуана тәркіленді», - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.