Күрекпен ұрып, көміп кеткен - сыныптасын аяусыз өлтірген 13 жастағы бала өмір бойына сотталды
Қытайда қылмыс жасаған 12 жастан асқан, бірақ 14 жасқа толмаған бала Жоғарғы Халық прокуратурасының рұқсатымен сотталады
Қытай соты сыныптасын бірлесіп өлтірген екі жеткіншекке үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.
Олардың бірі өмір бойына сотталса, екіншісі 12 жылға темір торға жабылды. Хэбей провинциясында 13 жастағы Жаң мен Ли сыныптастары Уаңды айуандықпен өлтіріп, ақшасын бөліп алған. Сотта айтылғандай, олар Уаңды күрекпен ұрып өлтірген соң қаңырап тұрған көкөніс жылыжайына көміп кеткен. «Өте сұмдық оқиға, олар өте қатігездікпен әрекет етті» делінді сотта.
Балалардың қылмысы алғаш белгілі бола қалғанда қытай жұрты жағасын ұстаған, бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Сол кезде Уаңның әке-шешесі мен адвокаты оның үш сыныптасынан қорлық көріп келгенін мәлімдеген. Дүйсенбіде сот Жаң мен Ли және Уаңның арсында кикілжің болғанын айтты. Сондай-ақ қанды оқиғаға тағы бір Ма атты бала куәгер болған. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмады.
3 наурызда Жаң қаза тапқан баланы скутеріне тұрғызып, жылыжай жаққа алып келеді. Ли мен Ма бөлек скутермен келеді. Жол-жөнекей Ли Маға Жаңның баланы өлтірмек жоспарын айтады.
Төртеуі жылыжайға жиналып, Жаң Уаңды күрекпен ұрғылай бастайды, Ли қаскөйге көмектеседі. Оларды көріп тұрған Ма жылыжайдан шығып кетеді. Жаң мен Ли Уаңды көміп тастап, 3 бала қылмыс орнынан кетеді. Содан кейін Жаң мен Ли Уаңның телефонын алып, ақшасын өзара бөлісіп алады да, Маға SIM-картаның көзін құртуды бұйырады. Оларды жолда полиция тоқтатады, ақыр соңында Ма бәрін мойындап, полицияны оқиға болған жерге алып барады.
Сот Уаңның қылмысты ұйымдастырып, оған сыныптастырын тартқанын ескеріп, басты кінәлі деп таныды.
«Ли қылмысқа белсенді араласып, Жаңмен ақшаны бөлісіп, сыбайлас болды», - деді сот.
Билік Ма кәмелет жасқа толмаған, қылмыс жасағандарға қолданатын тәсіл – тәрбиелеу мен түзету курсынан өтетінін мәлімдеді.
Сот үкімін желі қолданушылары қолдап, мақтап жатты, кейбірі тіпті жеңіл жаза деп атаған.
«12 жылға сотталған бала түрмеден жігіт болған кезінде шығады. Бостандыққа шыққан соң қоғамннан кегін алып жүрмей ме?», деп пікір қалдырған оқырман танымал Weibo әлеуметтік желісінде.
Айта кетсек, өткен жұмада Ақмола облысы Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында 12 жастағы бала әкесіне пышақ сұғып, салдарынан ер адамның қаза тапқан еді.