$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2020, 10:49
Оқиғалар

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 130 адамнан коронавирус анықталды

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 130 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

21 мамыр күні Қарағанды облысында 130 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 130 адамда COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлардың барлығы скрининг және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде белгілі болды. Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр», - делінген хабарламада.

Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.

2020 жылдың 21  мамырындағы ахуал бойынша облыста 430 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 3 өлім жағдайы тіркеліп, 170 науқас жазылып шықты.

Серіктес жаңалықтары