Ақтаудағы ұшақ апаты: «ҚазМұнайГаз» екі қызметкерінің қаза тапқанын мәлім етті
Олар – Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесіновтер

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан екі азамат «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес кәсіпорындарында жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы компания ресми мәлімдеме жасады және осы екі азаматтың туған-туыстарына көңіл айтты.
«Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз. Олар – Бауыржан Жұмагұлов, «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. Екінші азамат - марқұм Сәндібек Төлесінов «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен», - деп хабарлады компания.
Айта кетейік, ұшақ бортында болған Қазақстанның алты азаматы да қаза тапқан. Олардың арасында нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Эльдар, Қарағандыда жұмыс істеген Салима Джутаевалар бар еді.