ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Әлем бойынша соңғы бір тәулікте 106 мың адам коронавирус жұқтырған

Әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5 млн-нан асты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, бұл пандемия басталғалы бері тіркелген рекордтық көрсеткіш.

«Соңғы 24 сағат ішінде әлемде 106 мың адам коронавирус жұқтырды. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сондай-ақ КВИ жұқтырғандардың үштен екі бөлігі 4 елге тиесілі», - делінген ДДСҰ хабарламасында.

21 мамыр сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша әлемде 5 млн-нан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Инфекция жұқтырғандардың жалпы саны – 5 085 504, індеттен көз жұмғандар – 329 731, жазылғандар – 2 021 666 адам.

Жұқтырған науқастардың саны бойынша алдыңғы қатарда АҚШ (1 591 991 науқас), Ресейде (308 705 науқас), Бразилия (293 357 науқас), Испания (279 524) елдері тұр.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады