$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада тағы 12 мың «Сергек» камерасын орнатамыз – Жеңіс Қасымбек

Осылайша, қаладағы кептілісті азайту көзделген

Астанада тағы 12 мың «Сергек» камерасын орнатамыз – Жеңіс Қасымбек
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жеңіс Қасымбек елорда көшелерінің бағыты мен қаладағы көлік ағынын жеңілдету мәселесінде өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімі қаладағы көлік саласына қатысты жүргізіліп жатқан зерттеудің қорытындысы бір тоқсаннан кейін шығатынын айтты.

«Келесі жылдан бастап Сергек компаниясымен және үлкен шетелдік инвестормен бірігіп, қалаға қосымша 12 мың камера орнатамыз. Жасанды интеллект арқылы көліктер ағынын зерттеп, өзгерістер енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Ақмешіт пен Түркістан көшелерін бір бағытты қозғалысқа өзгертеміз. Бір жылдың ішінде үлкен өзгерістер қаладағы көлік саласына қатысты болмақ», - деді ол.

Әкімнің сөзінше, сонымен қатар ақылы тұрақтардың жұмысын өзгертуге қатысты жоспарлар бар.

Серіктес жаңалықтары