20.12.2024, 09:45
Оқиғалар
Алматының алты азаматы Кореядан арзан көлік аламыз деп сан соққан (ВИДЕО)
Ол бір жылдан аса уақыт Ресейде жасырынып жүрген
Фото: скриншот
Бір жыл бұрын Алматының алты азаматынан жалпы сомасы 145 миллион теңге алып, Кореядан арзан көлік әкеліп беремін деген азамат Ресейде қолға түсті. Қазақстан азаматы енді он жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы