19.12.2024, 23:32
Оқиғалар
Тараздағы облыстық балалар ауруханасында томография аппаратынан өрт шықты
42 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Видеодан алынған кадр
Тараз қаласында олыстық балалар ауруханасының жертөлесінде компьютерлік томография аппараты өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу оқиға орнына жетіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Түтін жайылған аймақтан барлығы 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
«Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды