Әріптесіне күш көрсеткен қызметкер жұмыстан қуылады
Өзбекстан Еңбек кодексіне жаңарту енгізіп жатыр
Өзбекстанда отбасында бала дүниеге келгенде тек аналар ғана емес, әкелер де демалыс ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. UZa агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Өзбекстан депутаттары Еңбек кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын қарап, еңбек саласындағы кемсітушілік пен қысым, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылыққа тыйым салу туралы қағадаттарды жетілдіріп жатыр. Мәселен, қызметкер әріптесіне қысым көрсетіп, қорқытатын болса, жұмыстан қуылады.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар әлеуметтік мұқтаж халық санатына еніп, оларға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер беріледі. Заң жобасы тағы бір маңызды мәселені қамтиды. Өзбек отбасында сәби дүниеге келсе, әкесіне 5 күндік демалыс беріледі. Осы уақытта ер адам жұбайына көмектесіп, басқа балаларына бас-көз болады.