Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Бүгін, яғни 16 желтоқсан күні Қостанай-Аманқарағай-Сұрған тас жолында бірнеше адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Наша Газета сайтына сілтеме жасап.
Оқиға сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданына қарасты Герцено ауылынан 10 шақырым жерде болған. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы үшеуі Аманқарағай аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, қаза тапқандардың барлығы Toyota Alphard көлігінде болған.
Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу жұмыстарын бастады.