$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық геология қызметінің төрағасы тікелей эфирде Қаныш Сәтбаевтың мамандығын масқаралады (ВИДЕО)

Оның сөзінше, жұрт тек  IT мамандары мен заңгерлерді ақшалы адамдар деп ойлайды 

Ұлттық геология қызметінің төрағасы тікелей эфирде Қаныш Сәтбаевтың мамандығын масқаралады (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық геология қызметінің төрағасы Ерлан Ғалиев Қазақстандағы «сексуалды емес» мамандықты атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Ғалиев ОКҚ-де өткен жиында «шахтада өлім-жітімі азаймайтын, үнемі жалақысы кешігетін және 55 жастан асқан азаматтар жұмыс істейтін сала – геология саласына жастарды қалай тартамыз?» деген сұрақты естігенде, әріптесі екеуі алдымен мырс етіп күліп алды. Артынша, оны тартымсыз салаға теңеп, эфир этикасына сай келмейтін сөздер қолданды. 

«Геолог мамандығы сексуалды емес. Мен осындай эвфемизмді қолданғаныма кешірім сұраймын. Адамдар «айтишник», мықты заңгер дегенді естісе, ол мамандардың қалтасы қалың, атағы бар екенін бірден сезеді. Ал геолог мамандарда мұндай танымалдық жоқ», - деді ол.

Төрағаның ойынша, геолог мамандарын көбейту үшін тек жарнама жетіспей тұр екен.

«Біріншіден, олардың жалақысы жоғары. Екіншіден, геология – жер туралы тамаша ғылым. Біз саланың танымалдығын арттыруға дұрыс мән бермей отырмыз. Өйткені, әр бұрыштан атып шығып, «геолог –керемет мамандық» деп жар салмаймыз», - деп жауап берді ол.

Айта кетсек, Қаныш Сәтбаев - көрнекті геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі. Ол  Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларын, Жезқазғандағы мыс қорларын  ашқан алғашқы қазақ геологы.  

Серіктес жаңалықтары