12.12.2024, 17:00
Оқиғалар
Жетісу облысының судьясы «закладчикті» студенттердің көзінше соттап жіберді (ВИДЕО)
Прокуратура жастарға сабақ болсын деген мақсатта көшпелі сот процесін университетте өткізген
Фото: скриншот
Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері есірткі сақтап, оны сатқан адамның сот процесін өз көздерімен көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының прокуратурасы хабарлағандай, бұл көшпелі сот процесінің жалғыз ғана мақсаты бар – ол жастарды есірткіден аулақ болуға үгіттеу.
«Көшпелі отырыстағы сотта судья есірткі сақтап, оны сатқан адамның ісін қарады. Судья оны кінәлі деп тауып, 5 жылға соттады», - деп хабарлайды прокуратура.
Көшпелі сот отырысы аяқталған соң прокуратура өкілдері есірткі сияқты «жеңіл ақшаның» арты 20 жыл түрмеге апарып соқтыруы мүмкін екенін айтып берген.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды