$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрынғы әйелін көшеде ұрған: ер адамға 1,5 күн ғана қоғамдық жұмыс істеу жазасы берілді

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Бұрынғы әйелін көшеде ұрған: ер адамға 1,5 күн ғана қоғамдық жұмыс істеу жазасы берілді
Фото: istockphoto.com

Бұрынғы әйелін ұрған ер адам бір жарым күнге қоғамдық жұмысқа тартылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жезқазған қалалық соты бұрынғы әйелімен жанжал кезінде қолынан ұрып жіберген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

«23.09.2024 жылы сағат 08:30 шамасында сотталушы «С.» Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 95-үйдің ауласынан бұрынғы әйелі «Н.»-ға тиесілі «JacJ7» маркалы автокөлігін көріп, жақындап автокөліктің терезесін қаққан, оған жәбірленуші «Н.» көліктен шығып, содан кейін олардың арасында ауызша дау туындаған, осы кезде сотталушы «С.» жәбірленушінің физикалық тұрғыдан өзінен әлсіз екенін біле тұра, оң қолымен жәбірленушінің оң қолының тұсынан ұрып, жәбірленуші «Н»-ға денсаулығына жеңіл зиян келтірген», - делінген хабарламада.

Айыпталушы 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#сот #әйелді ұру