29.11.2024, 12:27
Оқиғалар
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға сыйлық жасады
Қазақ әншісі бүкіл тыңдарманына алғыс білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Димаш Құдайберген өзінің тағы бір жеңісін аңыз тұлға Бибігүл Төлегеноваға арнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізбен сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін», - деп жазды әнші желідегі парақшасына.
Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова биыл 16 желтоқсанда 95 жасқа толады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)