19.11.2024, 00:33
Оқиғалар
Абай облысында бір миллион айыппұлы бар шетелдік жүргізуші ұсталды
Жүргізушінің көлігі қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды
Фото: Polisia.kz
Абай облысында ірі көлемде айыппұлы бар жүргізуші құрықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Азат Оразбаев пен Мейіржан Жақсыбек Алматы – Өскемен автожолында ВАЗ-21110 автокөлігін тоқтатты.
Көлік тізгінінде болған Өзбекстан Республикасының азаматының әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы бір млн теңгеден асатыны анықталды.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды. Абай облысы полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді», -делінген хабарламада.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды