$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлігін гаражда қыздырған екібастұздық ауыр халде ауруханаға түсті

Мамандар көмірқышқыл газымен улану байқалмай болатынын атап өтті

Көлігін гаражда қыздырған екібастұздық ауыр халде ауруханаға түсті
Фото: Azattyq Rýhy

40 жастағы ер адам автокөліктен шыққан газға уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайнға сілтеме жасап.

«18 қараша күні сағат 06:50-де Екібастұз қаласында жеке тұрғын үйдің аумағындағы гаражда 1984 жылы туған ер адам көліктің газына уланып қалды. Қала тұрғыны ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері. 

Құтқарушылардың айтуынша, қыс мезгілінде көптеген жүргізушілер көліктерін гаражда қыздырады, бұл қайғылы жағдайларға әкеліп жатады. 

«Көмірқышқыл газымен улану байқалмай өтеді. Газдың бар екенін адам тек өзін жайсыз сезінгенде ғана біледі, ал улануға оның аз мөлшері де жеткілікті. Тұрмыста көмірқышқыл газынан улану әдетте екі жағдайда болады. Біріншісі – пештерді ақаулы күйде қолданғанда немесе пештердің демперлері мен ауа жіберетін тесіктерін жапқанда. Улану көбінесе адамдар ұйықтап жатқан түнгі уақытта болады. Екіншісі – көлік жүргізушілері қыста қозғалтқышты жылыту үшін көлікті гараждан шығармай оталдырып, гараж есіктерін жауып қояды», – деп атап өтті ТЖД өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары