16.11.2024, 21:17
Оқиғалар
Петропавлда битум құйылған цистерналар өртке оранды
Зардап шеккендер жоқ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавлдың өнеркәсіптік аймағында битум құйылған цистерналар өртеніп, төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт Ярослав Гашек көшесі, 26Б мекенжайында шыққан.
«Цистерналардағы жалпы көлемі шамамен 40 м³ битум қалдықтары жанған. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиғаға байланысты ТЖД басшылығы Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаментіне ақпараттық хат жолдауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар ТЖД өкілдері тұрғындар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
