Қарағанды облысында тағы 18 адам коронавирус жұқтырған
Өңірде COVID-19 вирусын жұқтырған барлығы 250 адам тіркелді
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Вирусты жұқтырған азаматтар — 1995, 1965 жылғы ер адамдар, 1988 ж. әйел адам, олар Қарағанды қаласының тұрғындары; 6 адамнан тұратын отбасы — 1980, 1983, 2006, 2012, 2016, 2019 ж. Саран қаласы Ақтас кентінің тұрғындары, төрт ер адам — 1980, 1994, 1976, 1974 ж. т., балалар — 2015, 1998, 2011 ж. т., екі әйел адам — 1976, 1971 ж. т. Теміртау қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын бұған дейін жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациенттерге COVID-19 диагнозы қойылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі уақытта облыста вирусты жұқтырған 250 адам анықталды, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 146 пациент жазылып шыққан.