12.11.2024, 11:17
Оқиғалар
Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды
46 мыңнан астам отбас зардап шекті
Фото: depositphotos.com
Колумбия президенті Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан елде төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған климаттық төтенше жағдайға байланысты ел бойынша апат режимін жариялады», - деді әкімшілік Х әлеуметтік желісінде.
Елдегі жаңбырлы маусым желтоқсан айының соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.
Су тасқынының салдарымен күресу ел астанасы Богота мен Гуахира және Чоко департаментіне бағытталады.
El tiempo газетінің хабарлауынша, Колумбиядағы су тасқынынан 46 мыңнан астам отбасы зардап шеккен. Кейбір аудандарда жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына әкелді. Әзірге құрбандар туралы ақпарат жоқ.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды