«Итті аяусыз тепкілеп, пышақ сұққан»: Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысы полиция есебіне қойылды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр

«Итті аяусыз тепкілеп, пышақ сұққан»: Ақтөбе облысында 9 сынып оқушысы полиция есебіне қойылды (ВИДЕО)
Бейнеден кадр

Ақтөбе облысында итті аяусыз тепкілеп, пышақтаған мектеп оқушысын полиция есепке қойды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ақпаратқа сүйенсек, оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоны зерттеп, баланың кім екенін анықтады.

«Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында жас баланың итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазбасы анықталды. Тексеру барысында оқиға биыл мамыр айында Темір ауданының аумағында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар, оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралады. Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.