01.11.2024, 22:52
Оқиғалар
Астанада төрт қабатты паркингтен өрт шықты
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды
Фото: depositphotos.com
Астанада төрт қабатты паркингтің екінші қабатында тұрған автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін жеке жабық паркингтің екінші қабаттындағы автокөліктен өрт шыққандығын анықтады.
«Өрт толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша паркингте жеңіл автокөлік өртенген. Үй-жайларды желдету жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды