Оралда екі автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр
Оралда екі автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Оның үшеуі – бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 қараша күні түскі уақытта Н.Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орын алған.
«Рено Дастер» автокөлігінің жүргізушісі солға қарай бұрылған кезде «Lixiang L7» автокөлігіне жол бермеген. Салдарынан «Рено Дастер» автокөлігінің жүргізушісі мен онда отырған әйел облыстық аурухана жеткізілді. Сонымен қатар Lixiang L7 көлігіндегі үш кішкентай бала ауруханаға түсті», - делінген ПД хабарламасында.
Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің бірінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
«Жедел жәрдемге шақырту сағат 12:18-де түскен. Оқиға орнында үш бригада жұмыс істеді. 1958 жылғы ер адам облыстық көпбейінді ауруханада тексеруден өткізілді. 1961 жылғы әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген 2022 және 2019 ұл, 2021 жылғы қыз баланы дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық ем тағайындалды», - делінген денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.