$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.05.2020, 03:41
Оқиғалар

Елордада соңғы үш жылда 43 адам суға кеткен

Қалада белгіленбеген жерде сүңгитіндер көбейген

Елордада соңғы үш жылда 43 адам суға кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда күн ысығанымен, өзен-көлдерде шомылу маусымы әлі ашылған жоқ. Алайда белгіленбеген, қауіпті аумақтарда сүңгитіндер көбейген, деп хабарлайды Төтенше жағдай департаментінің мамандары.

Шомылуға болмайды» деген белгіні ескеріп жатқандары аз.  Олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізген, егер оған құлақ аспай, қайталайтын болса айыппұл салынатынын ескертеді.  Бүгін мамандар өзен жағасына рейд жүргізді. Олар 23 шомылатын орынды анықтады, оның тек 3-еуіне ғана суға түсуге болады деп отыр. Енді биыл әкімдікпен келіссөздер жүргізіп, ресми жағажайлар санын көбейту көзделген. Жалпы, соңғы 3 жылда 43 адам суға кеткен.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ
«Қалада 3 рұқсат берілген жеке меншік суға түсу орындарына қосымша 10 суға түсу орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда біздің құтқарушылар және аудандық әкімдіктердің мамандары сол орындарды дайындау үстінде. Статистикаға қарайтын болсақ, суға кеткендердің 80 пайызы мас күйінде шомылғандар», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖМ басшысы Бауыржан СЫЗДЫҚОВ)

Серіктес жаңалықтары