$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шерзат Полаттың ісі: марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

Тергеу барысы бақылауға алынған  

Шерзат Полаттың ісі: марқұмның әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?
Фото: видеодан скриншот

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Талғардағы кісі өлімінің тергеуі үнемі бақылауда. Күдіктілер ұсталды, оларға бірқатар айып тағылып отыр. 15 қазанда ішікі істер министрінің бірінші орынбасарының төрағалығымен брифинг өтті. Тергеу бойынша жария етілетін мәлімет айтылды. Марқұмның әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. Үйді өртеу фактісі бойынша да іс қаралып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді ол.

Естеріңізге салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары