Алматыда 23 жастағы бойжеткенді зорлаған күдікті ұсталды

39 жастағы ер адам өз кінәсін толығымен мойындады

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді зорлаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы Райымбек және Яссауи көшелерінің қиылсындағы жерасты өткелінен өтіп бара жатқан 23 жастағы бойжеткенді ер адам зорлап кеткен. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға осыдан бір ай бұрын орын алған. Бойжеткен кешкісін үйіне қайтып келе жатқанда зорлықтың құрбаны болды, деп жазады Polisia.kz

Алғашқыда ер адам жерасты өткелінен өтпек болған қыздан телефон сұраған. Артынша қызды мойнынан қылқындырып, ұрып-соғып, адам көрмейтін жаққа апарып зорлаған.

Жәбірленуші полицияға хабарласқаннан кейін тәртіп сақшылары сәйкестендіру актісін жасады. Әуезов ауданының полиция бөлімінің басшысы Әлішер Тұрсынбетовтың мәліметінше, жәбірленуші қылмыскердің түрін қараңғыда толық есте сақтай алмағанын айтты.

Алайда тергеу барысында маңызды рөл атқарған шабуыл туралы нақты ақпарат бере алған. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Анықталғандай, күдіктінің тұрақты жұмысы мен жатын орны да жоқ. Қазіргі таңда ер адам өзінің жасаған әрекетін толығымен мойындады. Ол шабуыл кезінде мас болдым деп отыр.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.