$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 17:44
Оқиғалар

Қазақстандық шенеунік «Нафтогаз Украина» компаниясын басқаратын болды

Санжар Жаркешов Қазақстанда вице-министр қызметін атқарған

Қазақстандық шенеунік «Нафтогаз Украина» компаниясын басқаратын болды

Санжар Жаркешов «Нафтогаз Украина» ҰАК Ұңғымаларды барлау және игеру бөлімінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

Ол бұған дейін Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, «Қазгеология» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Мамандығы мұнай инженері (Остиндегі Техас университеті (АҚШ) және қаржыгер (Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университет).

Жаркешовтің 17 елде инженерлік, өндірістік және басшылық қызметте 11 жылдық тәжірибесі бар.

Ол әр жылдары :

- McKinsey and Company (Лондон) менеджмент жөніндегі кеңесші және мұнай саласындағы сарапшы ретінде әлемдегі ұлттық, трансұлттық корпорацияларды қайта құруға қатысты.

- Merlin ERD (Перт, Шотландия) әлемдегі ең ұзын бұрғылау жобасында жұмыс істеді.

- 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін ExxonMobil Corporation-де (Техас, Колорадо және Калифорния), Қазақстанда (Қашаған жобасы), Иракта (Күрдістан), Ресейде (Сахалин-1 жобасы) бұрғылау, ұңғымаларды салу бойынша жобалаушы инженерден бас инженерге деге дейін қызмет етті.

- Остин қаласындағы Мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында химиялық технологияларды қолдану арқылы кен орындарынан мұнай мен газды шығаруды жақсарту жөніндегі жобаларына қатысты.

Санжар Жаркешов 2017 жылы Ұлыбританияның мұнай өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін II Елизавета патшайым атындағы жүлдемен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары