$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жітіқарадағы бес баланың қазасы: бас прокурор істі бақылауына алды

Өрт қараусыз қалған пештен тұтанған болуы мүмкін

Жітіқарадағы бес баланың қазасы: бас прокурор істі бақылауына алды
видеодан скриншот

Қостанай облысының Жітіқара қаласында кәмелетке толмаған бес баланың қазасы бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Бұл істі Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов өз бақылауына алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облыстық прокуратурасының ақпараты бойынша, жер үйдегі өртке болжаммен пешті қараусыз қалдыру себеп болған.

«Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, өрттің алдын ала себебі – пешті қараусыз қалдыру. Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстанның бас прокурорының бақылауына алынды», - деп мәлімдеді прокуратурадағылар.

Өрт туралы хабар 11 қазан сағат 5:00 шамасында түскен. Жер үйдегі өртті сөндіруге ТЖД, “Қостанай минералдары "АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС күштері жұмылдырылды. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника тартылған.

Өкінішке қарай, қызыл жалыннан бір отбасының кәмелетке толмаған 5 баласы ажал құшты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өрт #Жітіқара