$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2024, 11:06
Оқиғалар

Жітіқарада өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза тапты

Дереккөзге сүйенсек, балалардың анасы құрбысына кеткен, әкесі түрмеде отыр

Жітіқарада өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткенше, үй толығымен отқа оранған, шатыры ортасына опырылып түскен. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған.  Өкінішке қарай, үйінділердің астынан бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген», - деп хабарлады Қостанай облысының әкімдігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.

Серіктес жаңалықтары