Астанадағы төбелесте екі оқушы қаза тапты: полиция ақпаратты жоққа шығарды
Біреулер жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген
Әлеуметтік желіде Астанада бір топ азамат төбелесіп, екі адам қаза тапқаны жайлы ақпарат тараған. Полиция жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы №37 мектептің жанында төбелес болғаны туралы және екі адамның қаза тауып, бірнеше адамның ауруханаға түскені жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Төбелестің орын алғаны, сондай-ақ оның барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
«Астана қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алуды сұраймыз», - делінген хабарламада.