$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2024, 10:28
Оқиғалар

Ақын Жансая Мусина халық мінгізген жылқысын ұстазы Бауыржан Халиоллаға сыйлады

Бөкей ордасында «Өлмейтұғын артынан із қалдырған» атты ақындар айтысы өтті

Ақын Жансая Мусина халық мінгізген жылқысын ұстазы Бауыржан Халиоллаға сыйлады
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасында соғыс және еңбек ардагері Меңдәлиевтің 110 жылдығы, Егізбаев, Насимуллин, Ғайсин, Құсайыновтың 100 жылдығына орай «Өлмейтұғын артынан із қалдырған» атты тақырыпта ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, ақындар айтысында Батыс Қазақстанның ақындары командасы, атап айтқанда, команда капитаны Мұрадым Мирланов, Бауыржан Ширмеден мен батыс елінің тумасы Жансая Мусина «Хабар» агенттігі мен «ASSYLTAS» қоғамдық қоры жариялаған телевизиялық айтыстан жеңіске жетіп, «Асыл домбыраны» еншілеген. Бұған дейін Сырым ауданы мен Жәнібек аудандарында таныстырылымы өткен титутылды сыйлық Бөкей ордасына жеткен.

«Өлмейтұғын артына із қалдырған» атты ақындар айтысының алдында осы айтыс жұлдыздары құрметке бөленген.

«Аудан жұртшылығы ақын қызымыз Жансая Мусинаға ат мінгізген. Бірақ Жансая Мусина сұңғылалық танытып, жылқысын батыс ақындарының бапкері, ұстазы Бауыржан Халиоллаға сыйлаған», - деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары