09.10.2024, 08:27
Оқиғалар
Алматы облысының полициясы Талғардағы қылмыстың видеосы өшірілмегенін мәлімдеді
Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп жатыр
Фото: Алматы облысы ПД
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полция департаментіне сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
