$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2024, 07:31
Оқиғалар

Оралда есірткіге мас күйдегі жүргізуші полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Сондай-ақ жүргізуші 5 қазан күні жол-көлік оқиғасына себепкер болып, оқиға орнынан қашып кеткен

Оралда есірткіге мас күйдегі жүргізуші полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады
Фото: БҚО ПД

6 қазан күні кешке Орал қаласында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Crown Majesta автокөлігін тоқтатты. Көлік иесі 5 қазан күні жол-көлік оқиғасына себепкер болып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап

«Құжаттарды тексеру барысында 22 жастағы жүргізуші мен 16 жастағы жолаушы қарсылық көрсетті. Жүргізуші қашып кетуге тырысқан, ал ұстау кезінде олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Екі құқық бұзушы да уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жүргізушіге есірткілік масаң күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары