03.10.2024, 18:06
Оқиғалар
Әйелін ұрып-соғып, артынан өзіне қол жұмсаған - Астанада бір отбасының шаңырағы ортасына түсті
Ер адам көз жұмды, ал әйел ауруханада жатыр
Фото: freepik.com
Астанада жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам әйелін ұрып-соғып кейін, көпқабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның дерегінше, ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс туған, соның арасында ер адам әйелін ұрып тастаған.
«Биыл 1 қазанда сағат 23:36-да полицияға жолда ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болып, оның барысында ер адам әйелге дене жарақатын салып, кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіргенін анықтады. Жәбірленуші әйел ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді полициядан.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды