$ 491.71  529.97  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2024, 18:16
Оқиғалар

Халықтық штаб өкілдері бірнеше өңірге барды

Штаб «Көлсай көлдері» табиғи паркі мен Үлкен Нарында кездесу өткізді

Халықтық штаб өкілдері бірнеше өңірге барды
Фото: халықтық штаб

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штабтың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында экологиялық мәселелер, АЭС құрылысының экологиялық аспектілері және алдағы референдумның маңызы талқыланды. Халықтық штабтың мүшесі Біләл Мәсімбаев экология мен атом энергетикасының тығыз байланысын атап өтіп, өз пікірін білдірді.

«Атом энергетикасы экологиялық таза энергия көзі және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы. Қазақстанда экологиялық таза энергияны дамыту — біздің басты мақсатымыз», – деді Біләл Мәсімбаев.

Кездесуге қатысқан табиғи парк қызметкерлері АЭС көкейдегі сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.

«Біз АЭС құрылысын экологиялық таза энергия көзі ретінде қарастыруымыз керек. АЭС-тің экологиялық қауіпсіздігі мен энергия тиімділігі — біздің болашағымыз үшін өте маңызды», – деді парк директоры Елнұр Ахметов.

Сонымен қатар, халықтық штаб өкілдері Үлкен Нарын ауданы Солдатова ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл халқының сұрақтарына жауап берген халықтық АЭС құрылысы бойынша нақты дәйектерді атап өтті.

«Бір айға жуық уақыт атом электр станциясының еліміз үшін тиімді тұстарын талқыланған кездесулер өтті. Бізде сіздермен осы мәселені талқылау үшін нақты зердерделенген  ақпараттарды жеткізу мақсатында кездесіп отырмыз. Бүгінімізді емес, болашағымызды ойласақ онда АЭС салу қалайда маңызды. Себебі ғалымдар мен сала мамандарының айтуынша алдағы 10 жылда электр қуатына тапшылық арта түседі», дейді Халықтық штаб мүшесі Шынар Құрманова. 

Бұдан өзге, халықтық штаб мүшелері Жаңаөзен қаласындағы «Жанарыс» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.

Тігін фабрикасының негізін қалаушы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Жаңбырбай Дәменов ұжымға АЭС мәселесін түсіндірді.

«АЭС құрылысы еліміздің ертеңін айқындайтын ауқымды жоба. Атом игеру арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Сондықтан  осы елдің азаматы ретінде саяси науқаннан тыс қалмауымыз керек», - дейді халықтық штаб өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС