«1,3 млн теңге қарызы болған»: Алматыда айып тұрағында ер адам өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады

«1,3 млн теңге қарызы болған»: Алматыда айып тұрағында ер адам өзін өртеп жіберді (ВИДЕО)
Бейнеден кадр

Алматыда полиция экипажы көлік жүргізушіcінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Оқиға 1 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағы аумағында тіркелді. 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, сосын өзін өртеп жіберген.

«Сағат 13:10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru көлігін тоқтатты. Көлік иесінің 1,300 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс, жүргізуші біраз уақыттан кейін осында қайтып келген. Жүргізуші көліктің ішінде отырып, көлік құралына сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады. Өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Көлікті сөндіруге полиция қызметкерлері мен оқиғаның куәгерлері қатысты», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.