Алматыда көлік жүргізушісі жол үстінде атыс ұйымдастырған (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда көлік жүргізушісі жол үстінде атыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде автокөлік жүргізушісінің жақын жерде келе жатқан көлікті атып жатқан видеосы тарады. Оқиға Алматыда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрларда екі көліктің бір-біріне параллель жүріп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai жүргізушісінің қолында мылтық пайда болады және жақын маңдағы көлікке оқ атылады. Жанжалдың себептері белгісіз.

 Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысушылар ұсталғанын хабарлады.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол қақтығысы кезінде ол сигналдық тапаншаны қолданған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Істің басқа да мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.