«ҚазАвтоЖол» өз ішіндегі жемқорлықты өзі анықтап жатыр
Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ШҚО-дағы филиалын тексерген
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өз ішіндегі жемқорлықты өзі анықтап, істің құжаттарын Антикорға ұсынып жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «ҚазАвтоЖол» компаниясының ішінде Сыбайлас жесқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет бар.
Осы қызмет пен компанияның қауіпсіздік қызметі «КАЖСервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығы бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.
«Істің мән-жайы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданған болатын. Күні кеше осы мәселе бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс басталды», - деп жазады компанияның баспасөз қызметі.