Ақтауда декреттік демалыста болған әскери қызметші өз үйінен өлі табылды

Суыт хабарды Ақтау гарнизоны растады

Ақтауда декреттік демалыста болған әскери қызметші өз үйінен өлі табылды
Фото: © istockphoto.com

Қорғаныс министрлігіне қарайтын Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 28 қыркүйекте болған.

«Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Естеріңізге салайық, 19 қыркүйекте Қорғаныс министрлігіне қарайтын Аягөз гарнизонында офицер суицид жасады. Әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен әскери қызметкердің денесі үйінен табылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.