БҚО-да көкпар кезінде бірнеше көрермен жарақат алды
Жылқылар адамдардың алдында тұрған турникеттерді қағып өткен
БҚО-да көкпар кезінде бірнеше көрермен жарақат алды. Оқиға Бәйтерек ауданының 85 жылдығына арналған жиында орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Аудандық әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі мәліметінше, маңызды күн кең көлемде аталған: көптеген мерекелік іс-шаралар, көрмелер мен спорттық жарыстар өтті. Іс-шаралардың бірі дәстүрлі ат спорты ойыны көкпар болды. Жарысқа тек БҚО-дан ғана емес, Ақтөбе, Атырау облыстарынан да командалар қатысты.
28 қыркүйекте көкпар кезінде жылқылар турникеттерді қағып кетіп, турникеттердің артында тұрған бірнеше көрермен жарақат алды. Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растады. Алайда тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ деп сендірді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек айтып беруге уәде берді.